Қазақ тілінің жаңғыруы

«Достық үйінде» қазақ алфавитінің латын әліпбиіне көшу жобасына арналған «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Аталмыш шараға этномәдени бірлестік жетекшілері мен белсенді мүшелері, облыстық Аналар кеңесі, ғылыми-сарапшылық топ, жастар қанатының мүшелері, филолог-ғалымдар қатысты.
Жиында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының басшысы Л.Төрешова маңызды мәселеге қатысты пікірін білдірді.
– Латын әліпбиіне көшудің қазақ тілінің жаңаруы мен дамуына ықпалы орасан зор болмақ. Өркениетті елдердің қатарына ену жолындағы бұл бағыт бізді жаһандық кеңістікке жақындауға зор ықпал етеді. Өзіндік ерекшелігімізді айқындайтын тіліміз, салт-дәстүріміз, мәдениетіміз – бұл біздің ұлттық кодымыз болып табылады, – деді ол.
Қазақ алфавитінің латын әліпбиіне көшу мәселелері жөнінде Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, облыстық ҚХА жанындағы ҒСТ мүшесі А.Абасилов, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің жетекшісі Г.Гейдарова, «Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы» МҚК-ның директоры, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Н.Мұсаева баяндама жасады.
Пікір алмасумен жалғасқан шарада өз пікірлерін Облыстық Аналар кеңесі төрайымы Р.Смаханова, қалалық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы С.Әбішев, «Қызылорда облыстық кәрістер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі В.Шин, Еврей этномәдени бірлестігінің жетекшісі Л.Ли, облыстық Жастар қанатының мүшесі Е.Павлова білдірді.

Шынар БЕКБАН.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қазан 2017 г. 511 0