« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Азаматтық қорғау органдарын құру күнін мерекелеу қарсаңында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ведомстволық бағыныстағы бөлімшелері арасында спорттың 5 түрі ұйымдастырылған: мини-футбол, гір көтеру, арқан тарту, армрестлинг және дуатлон. Іс-шараға 8 команда қатысты, олардың арасында Қызылорда облысы ТЖД құрама командасы, АҚ «Өрт сөндіруші» спортшыларының командасы, Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағының құтқарушылар командасы және 5 өрт сөндіру бөлімдерінің командалары.
Жарыстың алғашқы күні «Динамо» спорт алаңында мини-футболдан өтті. Ойындар оңай болмады және соңғы секундқа дейін өте қызықты болды. Әр команда жеңіске жетуге лайықты. Ойынның нәтижесі бойынша Қызылорда облысы ТЖД командасының жағында болды. Екінші орын №8 өрт сөндіру бөлімінің спортшыларына берілді. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылар командасы өз қарсыластарын жеңіп, құрметті үшінші орын алды.
Келесі күні ең мықты азаматтық қорғау қызметкерлері «арқан тарту», армрестлинг және гір көтеруден күштесті. Жарыстың нәтижесі бойынша үздіктердің ішінен үздік спортшылар анықталды. Арқан тарту және 25 кг салмақта гір көтеруден №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің спортшылары бірінші орынға ие болды. Ең жақсы қол балуандар №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері болды.
Қаланың орталығында Сырдария өзенінің жағалауындағы соңғы спорттық-сауықтыру іс-шарасын өткізу үшін жаңа велосипед жолдары қамтамасыз етілді. Ол жақта дуатлоннан жарыс ұйымдастырылды. Сондай-ақ дуатлон Қызылорда облысында тұңғыш рет өткізіліп отырғанын атап өтілуде.
Жарыс ережелеріне сәйкес команда үш спортшыдан тұрады. Әр қатысушы велосипед арқылы бес шақырымдық қашықтықты кесіп өтіп, одан кейін нәре жолына дейін тағы 3 шақырым жүгіреді. Жарыстың үш қатысушысының жалпы уақытының қорытындысы бойынша спорттық жолға аз уақытты жұмсаған команда ұтып алады.
Жалпыкомандалық уақытының қорытындысы бойынша №8 өрт сөндіру бөлімінің спортшылары бірінші орынды иеленді. Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағының құтқарушылары - екінші орында. Үшінші орынға №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері иеленді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша дуатлон Қызылорда облысы ТЖД ведомствалық бөлімшелері арасында спорттық іс-шаралардың жыл сайынғы тізіміне енгізіледі және Құтқарушылар күнін атап өтудің белгілі бір дәстүріне айналады.
Жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің спортшылары жеңіп алды, күміс жүлдегерлер Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағының құтқарушылары. Спартакиаданың үшінші орынды департамент командасы ие болды.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық құтқару жұмыстары қызметі
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |