Сыр өңірінің «Қызыл кітабы» шығады

 Қызылорда. Алдағы уақытта Сыр өңірінің флорасы мен фаунасын қорғау мақсатында облыстың «Қызыл кітабы» жарық көреді. Онда жылдан-жылға саны азайып бара жатқан жануарлар, құстар және өсімдіктер енгізіледі. 
Рас, біздің аймақта экллогиялық және басқа да себептермен флора мен фауна әлеміне елеулі нұқсан келгені белгілі. Әсіресе, ақбөкен, елік, қарақұйрық секілді аңдар саны кеміген. Сондай-ақ, облыста Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген 70-тен астам өсімдік бар екен. Бір сөзбен айтқанда, біздің өлкеде қорғауды қажет ететін табиғи байлықтар аз емес. Облыстың «Қызыл кітабы» соған қорған болмақ. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 ақпан 2014 г. 1 986 0