| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
12-13 қазан күндері Қызылордада «Жамбыл облысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға басқару органдары мен азаматтық қорғау күштерін дайындау» тақырыбында «Жер-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті.
Шара аясында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасының жедел кезекшісіне жер сілкінісі қаупі туралы «Апат-999» шартты белгісі берілді. Жергілікті атқарушы органның жедел тобы Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментімен бірге тиісті шараларды нақтылады. Қызылорда теміржол стансасының жүк тиеу алаңында төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатысатын авариялық-құтқару құрамаларының саптық қарауы өткізілді. Техникаларды теміржол көлігіне тиеу мәселесі пысықталды. Одан кейін төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшін облыстан қатысатын авариялық-құтқару құрамаларының саптық қарауы Астана даңғылында ұйымдастырылды.
Осы екі кезең бойынша өткізілген оқу-жаттығуға барлығы 308 адам, 70 техника, 25 құрылым қатысып, дайындықтарын көрсетті.
Айгүл НҰРМАНОВА,
облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және
ақпарат тобының бас маманы.
| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |