« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
«Өрт – тілсіз жау» деп тегін айтылмаса керек. Жылу маусымы басталған уақытта өрт оқиғасы орын алып жатады. Осы ретте өңірлік коммуникациялар орталығында ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының басшысы Руслан Қайрақбаев пен Қызылорда қаласы ТЖ басқармасының бастығы Ербол Әлішеров журналистерге арнап брифинг өткізді. Онда өрт оқиғасының алдын алу шараларымен және осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды кеңінен айтып берді.
Облыста биылғы жылы есепті кезең бойынша 389 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға артқан. Сонымен бірге өрт оқиғасынан 3 адам қаза тапса, оның бірі бала. 9 адам жарақат алған. 2016-2017 жылдардың жылыту маусымы кезінде облыс бойынша түтінге және табиғи газбен уланудың 22 фактісі орын алды. Оқиғадан 63 адам зардап шегіп, емхана көмегіне жүгінген. Өкініштісі, 2 адам табиғи ғазға уланып, қаза тапқан. Брифинг барысында сала мамандарының айтуынша, өрт оқиғасының алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жүйелі екенін жеткізді. Қазіргі кезде жылу беру маусымы болғандықтан жұмыс күшейтілген. Осы ретте тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әр аптаның демалыс күндері «Өрт қауіпсіздігі күні» болып белгіленген.
Жиында сөз алған Қызылорда қаласы ТЖ басқармасының бастығы Ербол Әлішеров өрт шығуының басты себептерін талдап берді. Мәселен, өрт оқиғасының орын алу фактісінің 70-80 пайызы тұрғын үйлерде тіркеледі екен. Себебі ауылдық жерлер мен қаланың шет аймақтары пеш жағатын болғандықтан, тұрғындардың басым бөлігі қысқа қамданып үлгере алмайтынын атады. Сонымен бірге облыстың ауа райы құбылмалы болғандықтан, яғни күннің күрт жылып кетуінен пеш тартпай улы көмір қышқыл газы бөлініп, адамдар зардап шегеді екен. Өрт шығудың жалғыз себебі бұл емес. Электр сымдарының тұйықталуы да өрт шығуына себепші болады. Үйден шығып бара жатқанда электр қуат көздерін ажыратуды ұмыт қалдырып жатамыз. Салдарынан өрт шығу оқиғасы орын алады. Соңғы уақыттары автокөліктің өртенуі де жиілеген. Биылғы жылы қалада орын алған 171 өрт оқиғасының 40-ы автокөліктің өртенуі болған екен. Ал, ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Руслан Қайрақбаев облыс аумағынан шалғай орналасқан елді мекендерді өрттен қорғау мақсатында 27 өрт сөндіру бекетін құру жоспарланып жатқанын айтты. Арал ауданында 6 автокөлікке арналған типтік өрт депосы кешені құрылысы аяқталуға жақын. Мұндай жұмыстар өзге аудандарда да жүргізілу үшін жоспарға алынып отыр екен.
Өрттің шығу салдарын болдырмас үшін қауіпсіздік шараларын әрбір тұрғын жадынан шығармағаны абзал. Сақтансаң сақтайды.
Сара АДАЙБАЕВА.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |