| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Үндістанның астанасы Нью – Дели қаласында велоспорттан ерлер арасында өткен Азия кубогында жерлесіміз, № 3 облыстық велоспорт жөніндегі олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшысы Асылхан Тұрар алтын жүлдені иеленді!
Ол велоспорттың ең ауыр түрі - омниум жарысында жеңімпаз атанып, еліміздің абыройын асқақтатты. Сондай-ақ, жекелей жарыста қола жүлдені еншілеп, Қазақстан құрамасының қоржынына жүлделер санын толықтырды.
А.Тұрар 1997 жылы Қызылордақаласында дүниеге келген. Велоспорттан жастар арасында 4 дүркін, ересектер арасында 4 дүркін Қазақстан жеңімпазы. Тайландта жастар арасында өткен Азия чемпионы, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Бапкері: жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы Жандос Махамбетов.
Оның алдағы жоспары –қараша айында өтетін Әлем кубогында топ жару.
| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |