Қызылорда облысы тұрғындарының назарына!

Құрметті қызылордалықтар! Көкейлеріңізде жүрген Ішкі істер департаментінің жұмысына қатысты сауалдарыңыз болса, біз Сіздерге әрқашан жауап беруге әзірміз. Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің ресми http://mvd.gov.kz электронды сілтемесіндегі жеке блогыма  сауал жолдауыңызға болады.

 Сондай-ақ, әр аптаның бейсенбі күні сағат 16.00-де Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі 18 мекен-жайында орналасқан департаменттің әкімшілік ғимаратында азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдаймын. Ал шұғыл сұрақпен кез келген күні қабылдау жүргізіледі. Мұндай қабылдау қалалық және барлық аудандық ішкі істер бөлімдерінде де өткізіледі.

Егер Сіздердің қабылдауға жазылуға немесе кіруге кедергі келтіретін деректер орын алған жағдайда  295006, 295089, 295026, 295087 нөмірлеріне хабарлауға болады. Сіздердің сауалдарыңызға міндетті түрде жауап беремін.

Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің бастығы полиция полковнигі Мұхитов Қайрат Болатұлы 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 қазан 2017 г. 583 0