« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
ҚР Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Болсамбеков Өмірзақ Қоспанұлы Қызылордаға іс сапармен келді.
1958 жылы КСРО ІІМ-нің Омбы арнайы орта мектебін бітірген соң алғашқы жұмысын милиция бөлімшесінде тергеуші қызметінен бастап ҚР ІІМ-нің штаб бастығына дейінгі еңбек жолынан өткен. Кейіннен Ақмола облысы атқару комитеті Ішкі істер Басқармасының бастығы қызметіне дейін көтеріледі. Бар өмірін қоғам тыныштығын сақтауға арнаған Өмірзақ Қоспанұлы сапар барысында Ішкі істер саласының ардагерлерімен кездесіп, ішкі істер саласының бірқатар ардагерлерін Ішкі істер министрлігінің «Құрметті ардагер» төсбелгісімен, арнайы «Алғыс хаттармен» марапаттап сый-сияпат көрсетті.
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету адамгершіліктің ең жоғарғы қасиеттерінің бірі болып саналады. Қай халықтың болмасын түпкі тамырында үлкенді сыйлап, құрмет көрсету тереңде жатыр. Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Ортада жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымызды құрметтеген генерал сапар барысында Сырдария ауданындағы ішкі істер саласының және Ұлы Отан Соғысының ең қарт ардагерлері Сақтағанов Дәулетбай мен Бержанов Маханбеттің үйеріне соғып сәлем беріп, сый-сияпат көрсетті. Сонымен қатар, Байқоңыр қаласындағы Ішкі істер саласының ардагерлерімен кездесіп, арнайы «Алғыс хаттармен» марапаттап, сый-құрмет көрсетті.
Бір ауыз жылы сөз, жылы ілтипат қарт адамдарға қаншалықты шексіз қуаныш әкелетінін әркімде жақсы түсінеді. Үлкендерімізге көңіл бөліп, хал-жағдайларын сұрап тұрғаннан артық бақыт жоқ екенін ұмытпайық.
Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |