ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ӨЗАРА ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін Қызылордада энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың өзекті мәселелеріне арналған республикалық конференция өтті.

Оған бірқатар облыстан және Алматы, Астана қалаларынан сала өкілдері қатысты. Конференцияны Қазақстан электроэнергетикалық қауымдастығы директорлар кеңесінің, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар проблемалары жөніндегі қауымдастық комитетінің төрағасы Жомарт Көшербаев жүргізіп отырды. Жиында алдымен сөйлеген «KEGOK» АҚ жүйелік қызмет департаментінің директоры Жәнібек Қуанышбаев бірыңғай энергетика жүйесінің 2017-2018 жылдардың күз бен қыс мезгілдеріндегі ахуалына тоқталды.

Осы жыл қорытындысымен болжам бойынша елімізде сағатына 102 млрд кВт көлемінде электр энергиясы өндірілуі тиіс. Бұл өткен жылғыдан 80 млрд-қа немесе 8,4 пайыз артық. Тұтыну көлемі Қазақстанның барлық аймағында жоғарылауы мүмкін. Электр жүйелерін күз-қыс айларына дайындау үшін «KEGOK» АҚ 107 электр тарату желісін, 79 қосалқы станция жабдығын жөндеуді жоспарлап отыр.

Конференцияда еліміздің әр түкпірінен келген электр энергиясымен жабдықтаушы ұйымдардың басшылары тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді талқылады.

Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қазан 2017 г. 469 0