Ақсуат ауылдық округінің ажары кіреді

Ақсуат ауылдық округінің ажары кіреді Үстіміздегі жылы Ақсуат ауылдық округінде көптеген жұмыстар жүргізілетін болады. Бұл жөнінде Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындар алдындағы есепті кездесуде хабарлады.
2013 жыл ақсуаттықтар үшін табысты жыл болды. Ауылдық округте ұзындығы 3 шақырымды құрайтын Ү. Тоқмағанбетова, Абай көшелері орташа жөндеуден өткізілді. Жалпы ұзындығы 3,2 шақырымды құрайтын             М. Тоқтамысұлы, Ү. Тоқмағамбетова көшелері жарықтандырылды. Бұл мақсаттарға республикалық, қалалық бюджеттерден 62 млн.теңге бөлінді. 
Ауылдық округке қарасты Ж. Махамбетова ауылында 150 орындық жаңа клуб ғимараты пайдалануға берілді. Биыл да бұл нәтижелі жұмыстар жалғастырылмақ. Наурыз мөлтек ауданындағы ұзындығы 2 шақырымды құрайтын кіре беріс жолды жөндеуге қалалық бюджеттен 34 млн.600 мың теңге бөлінді.   Найзағарев, Тоқмағамбетов көшелеріне орташа жол жөндеуге жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін қалалық бюджеттен                             1 млн.200 мың теңге бөлінді.
Ақсуат ауылдық округіне қарасты Найзағараев, Ақмырзаев, Жөнбаев, Баттал, Амангелді – барлығы 5 көше жарықтандырылады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 3 млн.600 мың теңге қаралды. Наурыз мөлтек ауданынан 140 орындық балабақша пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, ауылдықтардың ең өзекті мәселесі шешімін тапты. Биыл ауылдық округте дәрігерлік амбулатория салынады. Ауылдық округке қарасты Ж. Махамбетов ауылындағы ауыз су жүйесі қайта жаңғыртудан өткізіледі. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 317,3 млн.теңге қаржы бөлінді. Кездесу барысында ауыл ақсалалдары Ұлт Көшбасшысының кемеңгер саясатына, аймақ басшысының қолдауына және қала басшылығының нәтижелі жұмысына алғыстарын білдірді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 ақпан 2014 г. 1 603 0