
Қаламыздағы Ұлттық Банкте мекеме қызметкерлерінің қатысуымен әліпби ауыстыру мәселесі бойынша жиналыс болып өтті.
Жиналыстың мақсаты – латын әліпбиіне көшуді жақтаушыларға да кириллицаны жаңа әліпбиге ауыстырудың мән-маңызын жете түсінбей жатқандарға да мәселені дәйекті түрде, жан-жақты түсіндіру болды.
Осы күнге дейін үш әліпбиді бастан кешіріп, қазіргі күні «Үштілділік» жобасының маңызын, қажеттілігін түсініп отырған қоғам үлкен стратегиялық маңызға ие латын әліпбиіне көшуді қолдауда.
Жиналысқа қатысушылар тарапынан қойылған латын әліпбиін тез әрі ұтымды игерудің жолдарына, латын графикасы жайлы жұртшылық арасында кейбір жаңсақ, қарсы пікірлер, күдіктерге қатысты, латын әліпбиіне көшу қай тұрғыдан тиімді, ұтарымыз не, еліміздің келешегіне, өскелең ұрпаққа, еліміздің дамуына, өсіп-өркендеуіне не береді деген сұрақтарға нақты мысалдар келтірілген жауаптар берілді.
Жиналысқа облыстық ішкі саясат басқармасы «Тілдерді оқыту орталығының» қызметкері Б.Байділдаева қатысып, жиналғандарға алда тұрған Тіл реформасының – еліміздің өміріндегі тарихи бетбұрыс екендігін, жаңа кезеңнің жаңа мүмкіндіктер беретінін баса айтты.