АУДАН АРДАГЕРЛЕРІ АЙРЫҚША ҚОЛДАУҒА ИЕ

Сырдария ауданының ардагерлері жергілікті әкімдік тарапынан көрсетіліп жатқан айрықша қолдауларға ие.
Мәселен, ауданның дамуына сүбелі үлес қосқан 200-ге жуық ардақты ардагер үстіміздегі жылы Астана қаласына тегін саяхаттап келді. Мұнан бөлек, зейнет жасындағы қариялар ай сайын Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Қармақшыдағы Қорқыт ата кешеніне барып, бос уақыттарын тиімді пайдалануда.
Бүгін де аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен ауданның бір топ ардагерлері Қармақшыдағы киелі орынға саяхаттап келді. Қазыналы қариялар Қорқыт ата мемориалдық кешіні жұмысымен танысып, музей ішін аралады.







ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қазан 2017 г. 587 0