Сәрсенбі күнгі ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК қазанның 11-не арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады. Тек елдің батысында ғана түнде және күндіз кейбір аймақтарда жаңбыр жаууы ықтимал. Республика бойынша елдің бірқатар аймақтарында жел күшейіп, оңтүстікте ол шаңды дауылға ұласады.

Солтүстік пен шығыста таң ата тұман түседі. Алматы облысының Жалаңашкөл аймағында жел секундына 20-25 метрге дейін күшейеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, күндіз Қарағанды облысының бірқатар аймақтарында күндіз жел 15-20 метр секундқа дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және күндіз тұман түседі деп күтілуде.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қазан 2017 г. 569 0