« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Шымкент қаласында Салық кодексінің жаңа жобасын талқылауға арналған өңірлік семинар болып өтті. Семинар Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кәсіпкерлеріне жаңа жобаны таныстырды.
Заңнамалық жаңа құжатты таныстыруға арналған басқосу Қазақстан Республикасының салық төлеушілер ассоциациясының бастамасымен өткізілді және Астанадан келген түсіндірушілерді Қазақстанның салық төлеушілері ассоциациясының президенті Жанат Ертлесова бастап келді. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінен мамандардың үлкен тобы Салық кодексінің әр бағытын таныстырды. Негізгі өзгерістер мен жаңа ережелер бойынша бірнеше хабарлама тыңдалып, қатысушылар тарапынан берілген сұрақтарға жауаптар берілді.
Талқылауға біздің облыстың әрбір ауданынан және Қызылорда қаласынан 30-дан астам салық төлеушілер қатысып қайтты.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық экономика министрлігі салалық министрліктермен, «Атамекен» палатасымен бірлесіп, бизнес қауымдастықтың пікірін ескере отырып жаңа Салық кодексін әзірлеп, талкылауға ұсынған болатын.
Жаңа Кодекс салық салу идеологиясына жаңа көзқараспен жасалған, салық төлеушілерді қорғауға, экономиканың маңызды салаларын ынталандыруға, әкімшілік қызметті жеңілдетуге бағытталған. Мақсат - жұртшылықты салықты өз бетінше төлеуге ынталандыру.
Кодекс жобасын ҚР Ұлттық экономика министрлігінің сайтынан мына сілтеме бойынша көруге болады: http://economy.gov.kz/ru/kategorii/novyy-nalogovyy-kodeks
Б.Орданова,
Қызылорда облысы бойынша МКД бас маманы
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |