Бензин нарығын реттей алмаған вице-министр қызметінен босатылды

Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздің Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовты қызметінен босатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
Отырыс барысында Үкімет басшысы вице-министрлерді қызметке тағайындау және босату өз құзіретіне жататындығын атап өте келе, өзіне жүктелген міндеттерді дұрыс атқара алмаған ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовты қызметінен босататындығын айтты. «Вице-министрлерге қатысты құзірет өзімде. Сондықтан мен вице-министр Әсет Мағауовқа қатысты оны лауазымды қызметінен босату туралы шешім қабылдаймын. Кеңсе бүгін Үкіметтің сәйкесінше шешімін қабылдасын», - деді Бақытжан Сағынтаев.  

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қазан 2017 г. 550 0