ТОҒЫЗ АЙДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Жалағаш аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Онда сот төрағасы Асылхан Мизанбаев 9 айдың қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады.

Баспасөз конференциясында биылғы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Сонымен қатар, жаңадан енгізілген заңдар туралы хабарланды. Сот төрағасы А.Мизанбаев 9 ай ішінде аудандық соттың өндірісіне барлығы 96 қылмыстық іс, 492 азаматтық іс, 330 әкімшілік іс қаралғандығын жеткізді. Сондай-ақ, сот әділдігін жүзеге асырудағы ашықтық, жариялылық принципін жүзеге асыру мақсатында, биыл үн бейне жазбасына жазу арқылы барлығы 918 іс қаралғанын атап өтті.

Ал, «Сот кабинеті» арқылы 492 талап арыз түскен. Бұл барлық түскен талап арыздың 100 пайызын құрайды. Айта кетейік, қазір әкімшілік істер де «Сот кабинеті» арқылы түсуде.

Жеке және заңды тұлғалар тарапынан судьяның әрекетіне, азаматтарды қабылдау мәселелері бойынша, 2017 жылдың 9 айы ішінде жеке және заңды тұлғалар т.б. судьяның әрекеттеріне байланысты шағым түскен жоқ. Әр түрлі мәселелер бойынша сот төрағасы азаматтарға қабылдау жүргізіп, құқықтық кеңестер берді. Мұны конференцияға қатысқан сот өкілдері растады. 

Баспасөз жиыны соңында сот төрағасы журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қазан 2017 г. 581 0