Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады

«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығының хабарлауынша, 9-10 қазанда облыстың кей жерлерінде шаңды дауылы соғады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады. 
«Солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел, шаңды дауыл соғады. Кей жерлерде желдің екпіні 23 м/с-ға жетеді» делінген хабарламада. Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.





ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қазан 2017 г. 497 0