Алдағы үш тәулікте күн жылы болады

Қазгидромет 10-12 қазанға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан территориясы алдағы үш тәулікте оңтүстік-батыстың шеткі антициклонының әсерінде болады. Сондықтан республикада жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады», делінген хабарламада. Антициклонның артынан Алдыңғы Азиядан жылы ауа тарайды.
Сол себепті Қазақстанның батыс облыстарында жексенбіде ауа температурасы 3...6ºС нормадан жоғары болды, ал 11 қазанда жылу республиканың шеткі шығыс аймақтарына да жетеді.









ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қазан 2017 г. 503 0