Жарты ғасыр бойы фотосуретті кәсіп еткен

 Жарты ғасыр бойы фотосуретті кәсіп еткенАрал. 1960 жылдардан бастап фото өнерін өзіне серік етіп, бедерлі бейнелерді әрлендірген Сәкебай Жолтумаевтың есімі Арал халқына жақсы таныс. Ол 1992 жылы «Әсем» фотосалонын жеке меншікке алып, ұсақ кәсіпті ұқсата білді. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі күні осы кәсіпті жары мен балалары жалғастырып келеді. Кәсіптің бәсекеге қабілетті болуын әр кез назарда ұстап, салонды үнемі жаңалап отырады. Фотосалон қазіргі кезде үлкен форматтағы түрлі құрал-жабдықтармен жабдықталған. Суреттердің барлық түріне тапсырыстар қабылдайды. Сонымен қатар 4 адамды жұмыспен қамтып, осында 5 жыл үздіксіз қызмет еткен жандарға санаторийге тегін жолдама беріп, тынығуларына жағдай да жасалған.

 

Жарты ғасыр бойы фотосуретті кәсіп еткен

 



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 ақпан 2014 г. 882 0