Ауыл спортшыларының спартакиадасы

5-8 қазан аралығында Жалағаш ауданында ауыл спортшыларының XXXI «Алтын күз» облыстық спартакиадасы өтті.

Спорттың 15 түрін қамтитын бұл бәсекеде аймақтың барлық аудандарының құрама командалары өнер көрсетті. Елбасының жыл сайынғы жолдауында атап көрсетілгендей бұқаралық спортты дамыту, ауылдық жерлерде саламатты өмір салтын қалыптастыру, спорттың маңызын арттыру мақсатында өткізілген спартакиадаға 1000-ға жуық ауыл спортшылары қатысты.

Спартакиаданың салтанатты ашылуында аудан әкімі Талғат Дүйсебаев жарысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

Жарыс қорытындысына келетін болсақ, жалпы командалық есепте 113 ұпаймен  Шиелі ауданының  командасы – бірінші, 107  ұпаймен Сырдария ауданы – екінші, 99 ұпаймен Жаңақорған ауданы  - үшінші орындарға  ие  болды.

Келесі жылы XXXII «Алтын күз» спартакиадаcы Жаңақорған ауданында өткізіледі.

Спартакиаданың қорытынды кестесі:


р/с

Спорт түрі

I орын

II орын

III орын

1

Қазақ күресі

Шиелі

Жаңақорған

Қармақшы

2

Тоғызқұмалақ

Шиелі

Сырдария

Қазалы

3

Шахмат 

Шиелі

Жаңақорған

Жалағаш

4

Дойбы

Сырдария

Арал

Қазалы

5

Қол күресі

Қармақшы

Сырдария

Жалағаш

6

Гір көтеру

Қармақшы

Сырдария

Жаңақорған

7

Президенттік көпсайыс

Жалағаш

Сырдария

Арал

8

Үстел теннисі

 

Қармақшы

Шиелі

Сырдария

9

Қол добы

Жаңақорған

Қазалы

Сырдария

10

Көкпар

Шиелі

Жаңақорған

Жалағаш

11

Аударыспақ 

Жаңақорған

Шиелі

Сырдария

12

Теңге ілу 

Сырдария

Шиелі

Қазалы

13

Футбол 

Қазалы

Жалағаш

Шиелі

14

Волейбол

ерлер

әй-р

ерлер

әй-р

ерлер

әй-р

Сырдария

Жаңақорған

Жаңақорған

Жалағаш

Шиелі

Сырдария

15

Баскетбол

ерлер

әй-р

ерлер

әй-р

ерлер

әй-р

Шиелі

Шиелі

Арал

Сырдария

Қармақшы

Жаңа-ған

Жалпы командалық есепте:

Шиелі ауданы

Сырдария ауданы

Жаңақорған  ауданы











ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қазан 2017 г. 551 0