
Халықаралық қарттар күніне орай Талсуат мүгедектерді оңалту орталығында облыстық «Славяне» қоғамдық-мәдени бірлестігі өңірдегі әлеуметтік мәселелерді шешу қоғамдық қорымен бірлесе отырып мерекелік іс-шара өткізді.
Аталмыш іс-шараға «Славяне» қоғамдық-мәдени бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова, бірлестіктің белсенді мүшелері, әлеуметтік мәселелерді шешу қоғамдық қорының директоры Сапура Сәрсенбаева және оңалту орталығында ем алып жатқан ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар қатысты.
Шара аясында ем алушылар өзара шахмат, бильярд, шашкадан жарысып, белсенділік танытты. Барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар берілді. Мерекелік кеш соңында қатысушылар «Славяне» қоғамдық-мәдени бірлестігінің дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі