Өңірлік БАҚ альянсы немен айналысады?

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, бүгінде мемлекеттік тапсырыс аясында түсірілген 150-ге жуық телеөнімді аймақтарға таратуға шешім қабылданды. Соның ішінде сериалдар, деректі фильмдер мен бағдарламалар бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақын арада біз арнайы келісімшартты рәсімдейміз. Аталған құжаттың негізінде Аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының альянсы өңірлерден түскен барлық өтінімдерді зерделеп, жергілікті жерде сол телеөнімдерді көрсету жұмысын реттейтін болады. «Хабар» мен «Қазақстанның» ішкі ережелеріне сәйкес, аймақтарға берілген өнімдер үшін көп ақша алынбайды. Оның көлемі 1000-ақ теңге болуы мүмкін», - деді Абаев Өңірлік БАҚ форумының ашылуында.

Министрдің айтуынша, бүгінгі форум аясында аймақтық ақпарат құралдарының өкілдері өтінім беріп, нақты бір телеөнімді алдырта алады.

Айта кетейік, бүгін Астанадағы «Қазмедиа» орталығында Өңірлік БАҚ форумы ашылды.  Аталған шара «Astana Media Weekә апталығы аясында өтуде.  Күні кеше «Astana Digital Forum» да ұйымдастырылды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 қазан 2017 г. 563 0