« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
«Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалы «Аманкелді» бастауыш партия ұйымының мүшелері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жағыру» бағдарламалық мақаласын талқылады.
Жиынға аудандық мәслихат депутаты, аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутатық фракциясының мүшесі Иса Әбдіхалықов, ауылдық Қоғамдық кеңестің төрағасы ақпараттық насихаттық топ мүшесі Мырзағали Кенбаев сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Сондықтан біздер мақаланы талқылау барысында бекершілікке жол бермей, сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Ел игілігіне жарату жолдарын қарастырумыз керек» деп атап өтті жиынға төрағалық еткен аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутатық фракциясының мүшесі Иса Әбдіхалықов.
Ауыл тұрғындары, әсіресе балаларының болшағын ойлайтын ата-аталар үшін латын әліпбине көшу мәселесі маңызды болды. Күнделікті тұрмыста, ұялы телефондары арқылы латын әрптерін еркін қолданып жүрген балалары үшін бұл бастаманың тимді жүзеге асатынына кәміл сенеді.
«Менің екі балам медициналық білім алуда. Олар Елбасының қазақ әліпбиін латынға көшіру бастамасын қуана қолдап отыр. Мықты медицинаға қатысты ақпараттардың басым бөлігі ағылшын, латын тілдерінде болғандықтан, түсінікті әрі ақпарат алуға қолжетімді дейді олар. Сондықтан еліміздің болшағы үшін жасалып отырған Елбасының әрбір бастамасын біздер қашанда қолдаймыз», -дейді ауыл тұрғыны Раушан Тәуекел.
Жиынды қортындылаған ауылдық Қоғамдық кеңестің төрағасы ақпараттық насихаттық топ мүшесі Мырзағали КенбаевБәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде танылған әрі дамыған рухани кемел ел болу – Елбасының асыл арманы екенін атап өтіп, Мемлекет басшысының жастарға соны серпін, тың бастама ұсынуы келешекке қамданудың әрекеті екенін айтты.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |