Назерке үш медаль иеленді

Қызылорда теміржол вокзалында ІV Әлем чемпионаты әйелдер арасында өрт-құтқару спорты бойынша жауынгерлік қанат жаюдан күміс медаль, 4х100 метрлік эстафетада қола медаль және командалық есепте қола медальға ие болған қатысушысы Өмірғалиева Назеркені өрт сөндірушілер салнатты түрде күтіп алды.
2017 жылғы 25 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Түркия Измир қаласында XIII Әлем чемпионаты ерлер арасында және IV Әлем чемпионаты әйелдер арасында өрт-құтқару спорты бойынша Халықаралық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар федерациясының қолдауымен Әлем чемпионаты өткізілді.
Өрт-құтқару спорты бойынша ерлер мен әйелдер арасындағы Чемпионаттар әлемнің түкпір-түкпірінен шыққан үздік спортшыларды жинайды, күрделі іріктеуден өтеді, қызу күресте өздерінің шеберліктерін, мінездерін және жеңіске деген жігерліктерін көрсетеді. Мұндай деңгейдегі жарыстарды өткізу өрт-құтқару спортты олимпиадалық аренасына алға басу маңызды рөл атқарады және бір уақытта өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың мамандығын насихаттайды.
2015 жылдан бастап Назерке Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі Қармақшы ауданы №5 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі болып жұмыс атқарады. Оған халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысуы бірінші рет емес. Азаматтық қорғау қызметіне келгенге дейін ол жеңіл атлетика бойынша Азия мен Қазақстанның дүркін жеңімпазы және 12 алтын медаль иегері. Өрт-құтқару спорты бойынша Әлемдік ХІ чемпионаттың қола медальдің жеңімпазы. Осы жылдың маусым айында ғана Назерке Қазақстанның ұлттық құрамада өрт-құтқару спорты бойынша Мәскеуде Халықаралық турнирге қатысып күміс медаль жеңіп алды.
Қызылордалық спортшы әріптестерімен кездескеніне өте қуанды және чемпионаттың ұйымдастырылуы, ауа райы мен Түркияның табиғаты туралы өз әсерлерімен бөлісті.
«Команда жеңісі оңайлықпен болған жоқ. Біз барлық күшімізді салдық. Жеңіс тұғырында тұрып Қазақстан Республикасының әнұранын тыңдауға, медальдарды әкелуге өте жанға жайлы болды» - азаматтық қорғау кіші сержанты Өмірғалиева Назерке әріптестерімен бөлісті.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі ММ
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қазан 2017 г. 564 0