Қазақстанда күн жылынады

«Қазгидромет» РМК 2017 жылдың 5-7 қазанына ауа райы болжамын жасады. Синоптиктердің ақпараты бойынша, Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан циклон мен онымен байланысты атмосфералық ауа массалары Батыс Сібірдің оңтүстігіне ығысады, - деп жазады Қазақпарат. 
Оның орнына Қазақстан аумағына Еділден антициклон келеді. «Алдағы үш тәулікте осы антициклонның ықпалымен батыс облыстарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, ауа температурасы жоғарылауы мүмкін. Республиканың басқа аумағында, антициклонның шығысқа қарай жылжуына байланысты жауын-шашын тоқтайды. Бірақ, ауа температурасы  7 қазан күні және тек оңтүстік облыстарда жоғарылауы ықтимал», - делінген Қазгидрометтің хабарламасында. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қазан 2017 г. 580 0