« Тілдер патшалығы» әдеби–поэзия кеші

А.С. Пушкин атындағы орталық кітапхана  С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжімен бірлесіп, колледждің акт залында «Тілдер патшалығы» атты әдеби- поэзиялық кеш өткізді.

Мақсаты - жастарға Елбасының «Үш тұғырлы тіл» саясаты мен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау.

Әдеби кеш барысында  колледждің   1 курс студенттері  үш тілде  тіл туралы өлеңдерді мәнерімен жатқа оқып, «ЕХРО - 2017» көрмесін дайындап, сахналық қойылымдар қойды. Білімалушы Қоңырбаева Айнұрдың  өзі шығарған «Қазақ тілі» өлеңі көрермендерді ерекше тебірентіп, ой тастады. Сонымен бірге кешке арнайы  «Тіл – татулық тірегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жастарға  «Латын әліпбиі» жайлы толығырақ  ақпараттар берілді. Әдеби кешті колледждің тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Н. Даулетбаева мен оқытушы Г.Қалиева қорытындылап, білімалушыларды өз елінің тілін, дінін сүйетін патриоты болуға шақырды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қазан 2017 г. 714 0