Құтқарушылар Қарттар күні мерекесімен құттықтады

Қарттар күні мерекесі ХХ ғасырда пайда болған. Бұл аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн болып табылады.

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары аға ұрпақты Халықаралық қарттар күнімен құттықтады. Бұл іс-шараға «Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар бөліністері ардагерлерінің ұйымының» төрағасы, Департамент бастығының кеңесшісі Тұңғышбай Ботабаев және Азаматтық қорғаныс саласының ардагері Сайлаубай Ұзақбаев қатыстырылды.  Кездесу барысында ардагерлер өздерінің қызықты сәттері туралы әңгімеледі.

«Ақсақалдарға құрмет - қазақ халқының қоғамының тұрақтылығының негізі. Кәрілікке қарамастан, сіздер әрқашан қаланың қоғамдық өміріне белсене араласып, тәжірибе мен кеңес бересіз. Оның мысалы, қоғамның өркендеуіне және патриоттық ұрпаққа үлкен үлес қосу. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасылық жылулық пен амандық тілеймін », - деді өз сөзінде жасақ басшысы Бақыт Ембергенов.

Біз өз кезегімізде барлық қарттарымызды мерекелерімен құттықтаймыз және барлық жақсылықты тілейміз. Сіздердің еңбексүйгіштіктеріңізге, шыдамдылықтарыңызға және батылдықтарыңызға бас иеміз.

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қазан 2017 г. 516 0