"Қылмыстық істер" тақырыбында брифинг өткізілді

Арал аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру сипатында қаралған қылмыстық істер» тақырыбында брифинг өтті.
Брифинг барысында аудандық соттың судьясы Н.Бекетаев бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру сипатында қаралған қылмыстық істерге тоқталып, жыл басынан бері аудандық сотта аталған санатта 33 адамға қатысты 28 қылмыстық іс қаралып, 2 адам шартты жазаға, 4 адам бас бостандығын шектеу жазасына сотталғанын, 2 адам рақымшылық заңы негізінде жазадан босатылғанын, ал 25 адамға қатысты қылмыстық іс сотталушының жәбірленушімен татуласуына байланысты өндірістен қысқартылғанын айтып өтті.
Сондай-ақ,  Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігінің 3 тармағымен сотталған С-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат беріп, журналистердің  қойған сауалдарына жауап берді.

Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қазан 2017 г. 381 0