
«1 қазан – Халықаралық қарттар күніне» орай Иіркөл ауылдық округіндегі «Тұзды көл» жағасында ардагерлер мен жастар арасында балық аулаудан жарыс өтті. Жарысқа 20 ардагер, 15 жас қатысты. Жарыс нәтижесінде «Салмағы ең ауыр балық» аталымы бойынша Тоқтаров Жахан, «Ең көп балық» аталымы бойынша Шалабаев Сәдуақас, «Дәмді сорпа дайындағаны үшін» аталымымен аудандық «жастар ресурстық орталығы» марапатталды.
Жарыс жеңімпаздарына «Алғыс хат» пен сыйлықтар табыс еткен аудан әкімі Сұлтан Мақашов: «Ардагерлеріміз қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосып келеді. Отанды сүюді, бірлік пен бауырмалдық сынды құнды қасиеттерді біз аға буыннан үйрендік. Сол үшін де Сіздердің алдарыңызда басымызды иіп, тағзым етеміз. Тәуелсіз еліміздің жас буынын патриоттық рухта тәрбиелеуде ардагерлер жастарға жол көрсетіп, аталық ақыл-кеңестерін береді деген сенімдемін», – деді.