
Қызылорда облыстық тері-венерология диспансер базасында 03-06 қазан аралығында «Vision Derma» дерматоскоп қондырғысымен жұмыс жасауды оқыту мастер-классы өтеді.
Мастер-классты өткізу үшін Германияның Бонн қаласынан «Senior Experten Servise» (SES) компаниясының эксперті, профессор, медицина ғылымдарының докторы Савко Вассилев арнайы іс-сапармен Қызылорда қаласына келді.
Мастер-класстың негізгі мақсаты облысымыздың дерматолог мамандарын тері және венериялық ауруларды дерматоскоп аппаратын қолдана отырып ерте анықтау және емду сапасын арттыру. Дәрігерлердің кәсіби біліктілігін жоғарылатып европалық стандарттарға сәйкес деңгейге жақындату. Профессор Савко Василев опреативтік дерматология мен клиникалық дерматология, аллергология (кәсіби және экологиялық аллергия), паразитология иммунологияның белді маманы.