Ұстаздар ұлықталды

Кеше Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде "Ұстазым бір өзіңе бас иемін" атты Ұстаздар күніне мерекелік концерттік кеш болып өтті.
Меркелік кешті университет ректоры, т.ғ.д., профессор Қ.А.Бисенов ұстаздарды төл мерекесімен құттықтады. Құттықтау барысында бірнеше оқытушы-профессорларды университеттің алтын медалімен, алғыс хатымен, "Нұр Отан" партиясының жəне кəсіподақ комитетінің алғыс хаттарымен марапаттады. Сонымен қатар, 2016-2017 оқу жылында қажырлы еңбек еткен жүз оқытушы профессорларды оқу жылының аяғына дейін қаржылай үстемақы қосылатынын айтып қуантты.
Концертте "Дидар" фольклорлық ансамблі өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар концертте биыл оқуға түскен 1 курс студенттер əн салып би билесе, университет жанындағы балалар би тобы да өз өнерлерін көрсетті.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қазан 2017 г. 554 0