
Қала күнін мерекелеуге арналған шаралар орталық алаңдағы мерекелік концертке ұласқан болатын. Арнайы Арал ауданы әкімі мен аудандық мәдениет үйінің ұйымдастырумен өткен кеште ауданымыздың күміс көмей әншілері, талантты жастарымыз бен мың бұралған бишілеріміз бар өнерлерін қала тұрғындары мен қонақтарына паш етті.
Баршаны шаттыққа бөлеген кеште туған қаламыздың мерейлі мерекесін тұрғындармен тамашалаған аудан әкімі М.Оразбаев жиналған қауымды қала күнімен құттықтап, ақжарма тілегін жолдады. Дүйім жұрт арқа-жарқа болған қала думаны онан әрі мерекелік отшашумен аяқталды.