АУДАНДЫҚ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен «Сыр елі – достық мекені» атты фестиваль өтті. Аудандық мәдениет үйінде өткен фестивальға орыс, татар, кәріс, түрік және қазақ ұлттары қатысып, сайысқа түсті. Сайыста әр ұлт өзінің әдет-ғұрыпын, әні мен биін, ұлттық тағамын және қазақ ұлтының ежелгі дәстүрін көрсету бойынша сынға түсті. Талапкерлерге білікті мамандардан жасақталған қазылар алқасы баға берді. Тартысты, қызықты өткен фестиваль барысында орыс ұлтының өкіл-дері белсенділік танытты. Олар сайысқа жоғары деңгейде дайында­­­лып келгендерін танытты. Соның негізінде жүлделі І-орынды жеңіп алды. Ал, татар және кәріс ұлтының өкілдері киім киістерімен, сахна мәдениетін сақтауымен көпшілік алғысына бөленіп, қос бірдей ІІ-орынды қанжығаларына байлады. Қазылар алқасының шешімімен халқымыздың өзге ұлт өкілдеріне деген дархандық, мейірбандық қасиеттері басшылыққа алынып, қазақ ұлтының намысын қорғаған қатысушыларға ІІІ-орын берілді. Сонымен бірге, түрік ұлтының намысын қорғағандар да ІІІ-орынға лайықты деп танылды.
Фестиваль барысында ерекше өнері-мен көзге түскен татар ұлтынан № 210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің әуез пәні мұғалімі Хусаинов Тимурға, кәріс ұлтынан шыққан Ким Татьяна және орыс ұлтынан Кочерещенко Евгенияға «Көрермен көзайымы» аталымы бойынша арнайы Алғыс хаттар берілді. Барлық қатысушыларға қоғамдық бірлестік тарапынан естелік сыйлықтар табысталды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қазан 2017 г. 585 0