
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің қолдауымен қалалық мешіт жамағаттары арасында футболдан жарыс өткізілді.
Жыл өткен сайын жамағаттардың ауызбіршілігі артып, ортақ шаралар көптеп ұйымдастырылатынын ескерер болсақ, жамағат арасында белсенділікті арттыруда спорттық ойындар да зор маңызға ие.
Аталмыш бағыттағы шаралардың көптеп өткізілуіне ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің жалпы және жастар бөлімі мұрындық болуда.
Жарыс нәтижесі бойынша І ші орын облыстық "Ақмешіт-Сырдария" мешіті жамағатына, ІІ орын қалалық «Айтбай» мешіті жамағатына, ІІІ орын «Ыбрайым молда» мешітінің жамағатына бұйырды.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі