« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қызылордадағы “Абай Даулет” ЖШС-ның “Сыр дәні” өнімі және “ФАТИМА” ЖК ет дүкені ҚМДБ-ның Халал сертификатына ие болды. Кәсіпкерлерді марапаттау рәсімін Қызылорда облыстық орталық “Ақмешіт-Сырдария” мешітінің бас имамы Талғат Сейткәрімұлы арнайы өткізді, - деп хабарлады islam.kz.
Аталған кәсіпорынның “Сыр дәні” өнімі арнайы зертханаға жіберіліп, тексерістің оң нәтижесі көрсетілді. Сондай ақ, “ФАТИМА” ЖК ет дүкені өнімдері мен қасапханасы – 1:2016 “Мал бауыздау және ет өңдеу” және 3:2016 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына сай жұмыс жүргізуінің нәтижесінде ҚМДБ-ның сертификатына ие болды.
Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне “Халал және Харам” турасында арнайы оқу-семинар өткізілді. Семинарға Қызылорда қаласы орталық “Ақмешіт-Сырдария” мешітінің найб имамы Бақыт Ұлжаев, ҚМДБ “Халал Даму” ЖШС-ның Қызылорда өңірі бойынша жауапты өкілі Перизат Жандылдақызы және “Абай Даулет” ЖШС қызметкерлері қатысты.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |