ҚАРИЯҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

«1 қазан – халықаралық қарттар күніне» орай аудан әкімі Ғанибек Қазантаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайролла Әбенұлы соғыс және еңбек ардагері Яхия Тасыровтың шаңырағында болып, батагөй ақсақалды мерекесімен құттықтады.
Аудан басшысы үстіміздегі жылы 95 жасты еңсерген қарияға мерекелік лебізін білдірді. Сонымен бірге, зор денсаулық тілеп, ақсақал сый-сияпат көрсетті. Соғыс және еңбек ардагеріне арналып тігілген костюм-шалбарды табыс етті. Шуақты жүздесуде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайролла Әбенұлы соңғы айларда ауданда атқарылған игі жұмыстар туралы әңгіме өрбітті. Сонымен бірге, соғыс ардагерін қарттар күнімен құттықтады. Өз кезегінде батагөй ақсақал Яхия Тасыров аудан басшысына алғысын айтып, атқарушы биліктің жұмысына жеміс тілеп, ақ батасын берді. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Балшекер Өтегенова қатысты.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қазан 2017 г. 622 0