«Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қоры Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Тұрғындарды құқықтық сауаттылығын арттыруға байланысты ақпараттық-насихаттық шараларды ұйымастыру» әлеуметтік жобасы аясында 23 қыркүйек күні сағат 22.00-00.00 аралығында Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің ювенальды полиция бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Эльмира Бектемір, ОІІД Әкімшілік полициясы басқармасының аға инспекторы полиция капитаны Әбунасыр Өтегенов, ОІІД Жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы полиция подполковнигі Амангелді Бақытжанов және білім саласы қызметкерлерімен бірлесе отырып түнгі рейдке шықты.
Рейд қала күні мерекесі қарсаңында жастар көп жиналатын орындар мен орталық алаңда, сондай-ақ сол маңда орналасқан компьютер орталықтары, кафелерде жүргізілді. Шара барысында ата-анасынан адасып қалған 2 бала полиция бөлімшесіне жеткізіліп, ата-анасына тапсырылды. Шара кезінде жоғарыда аталған мамандар жасөпірімдер және ата-аналарына олардың құқықтары және заңнамалардың талаптары туралы түсініктер берді.
Ал 27 қыркүйек күні Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіндегі С.Майқанова атындағы мәдениет үйінің оқу залында түрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың мамандандырылған ауданаралық соты мен мамандары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, еңбек саласындағы бақылау басқармасының, кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен алдағы уақытта жүргізілетін кеңес беру шараларын тиімді жүзеге асырудың жолдары қарастырылды.
Алдағы қазан-қараша-желтоқсан айларында "Заңгер маман кеңес береді" тақырыбында кеңес беру, "Заңды зерделей білеміз бе?" тақырыбында ашық есік күні, "Еліміздің құқықты сауатты азаматы болайық!" тақырыбында акция, "Қоғам және құқық" тақырыбында тұрғындар арасында шығармалар байқауы өткізілетін болады. Облыс тұрғындарын шығармалар байқауына қатысуға шақырамыз. Байқауға байланысты сұрақтарыңызға жауапты мына телефон арқылы білуге болады: 8 702 135 24 68.