Демалыс күндері ауа райы қандай болады ?

Қазгидромет демалыс күндері еліміздің ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
Өткен күндері ауа райынның салқындауы мен жаңбыр, еліміздің кей жерлерінде жаңбырдың соңы қарға ұласуы Карс теңізі аумағынан түскен арктикалық ауа массаларымен байланысты болды. Алдағы демалыс күндері тропосфералық ағындардың бағыттары көп ауыспайды. Бұрынғысынша республикамыздың батысы мен солтүстік аймақтарына әсерін тигізеді, сол себептен салқын және бұлтты жауын-шашынмен ауа райы сақталады.
Республикамыздың оңтүстігінде ауа температурасының аздаған жоғарылауы және жауын-шашынның тоқтауы болжанады. Бірақ дүйсенбі күні осы аймақтарға атмосферлық ауа ағыны өзінің әсерін тигізеді. Сол себептен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болуы ықтимал.    


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 қыркүйек 2017 г. 509 0