ЕКІ УНИВЕРСИТЕТ АРАСЫНДА ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Сауд Арабиясы Корольдігінің Ханзада Мохаммад бен Фахд университетінің ресми делегациясы  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне ресми іссапармен келіп, жоғары оқу орындарының арасында өзара Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 
Оған Сауд Аравиясы Корольдігінің Ханзада Мохаммад бен Фахд университетінің ректоры, профессор, доктор Исса Хассан Алансари, Көпшілікпен және БАҚ-пен байланыс жөніндегі директор - доктор Фейсал Юсиф Аланези, Ректордың кеңесшісі- Салех Мохаммед Альшамрани, Ректордың Мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі офис менеджері- Мохаммед Аид Альхаджри, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректорат мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. Алдымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры – бірінші проректор Абайбек Талғатұлы Жүнісов сөз сөйлеп, универсиеттің ағымдағы жетістіктерін саралады.

Биыл облыс орталығындағы ғылым мен білімнің қарашаңырағына 80 жыл толды. Университет ҚР көпсалалы үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінде 9-орын иеленді.

Бүгінде АҚШ, Ұлыбритания,  Канада, Германия, Австрия, Испания, Италия, Польша, Корея, Түркия, Египет және Ресейдің ЖОО-мен, білім және мәдени орталықтарымен, жетекші ғылыми орталықтарымен, қорларымен және қоғамдық ұйымдарымен әріптестік қатынастар орнатылды, халықаралық ынтымақтастық саласында 75-тен астам келісімшарттар мен меморандумдарға қол қойылды.  2013-2014 оқу жылынан бастап университет «Шетел тілі – екі шетел тілі» мамандығының «Ағылшын-Араб», «Ағылшын-Қытай» және «Ағылшын-Корей» тілдері бағыттары бойынша мамандар даярлауды бастады.  Қазіргі кезде ағылшын-араб бөлімшесінде 53 студент білім алады. Оның ішінде биылғы оқу жылында 24 студент оқуға қабылданды. Шетел тілдерін оқытуда Египеттен, Америка Құрама Штаттарынан және Корея Республикасынан шақырылған шетелдік оқытушылар үлкен үлес қосуда.

Содан соң Сауд Арабиясы Корольдігінің Ханзада Мохаммад бен Фахд университеті мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті арасында өзара Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сауд Аравиясы Корольдігінің Ханзада Мохаммад бен Фахд университетінің ректоры,  профессор, доктор Исса Хассан Алансари алдағы уақытта әріптестік байланысты одан әрі нығайтуға күш салатындығын жеткізіп, университет ұжымының жұмысына табыс тіледі.

Осы күні Сауд Арабиясының делегациясы университет мұражайы мен бірінші оқу ғимаратындағы араб бөлімінің студенттерімен кездесті.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 қыркүйек 2017 г. 808 0