Мигель Коттоның соңғы жекпе-жегі қайда және қашан өтетіні белгілі болды

Бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Мигель Коттоның соңғы жекпе-жегі қайда және қашан өтетіні белгілі болды.
Келесі аптада Котто бапкерімен Фредди Роучпен жаттығуға кіріседі, деп жазды vRINGe.com.
«Қарсылас таңдауға қатысты жұмыстарды аяқтап қалдық. Сәтін салса, аптаның соңына дейін бәрі шешіледі», - дейді Golden Boy Promotions президенті Эрик Гомес.
Оның айтуынша, жекпе-жектің датасы белгілі – ол Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында 2 желтоқсан күні өтеді.
Котто жекпе-жек кезінде 37 жаста болады. Өзінің айтуынша, биыл бокспен қош айтыспақ. Мигель қолғабын шешкеннен кейін промоутерлік қызметпен айналысып, отбасына көңіл бөлуді жоспарлап отыр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қыркүйек 2017 г. 568 0