
Психологиялық даярлығын қалыптастыру бойынша бекітілген жоспарына сәйкес ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі құтқарушыларына «Криминалды адамның психологиялық бейнесін құрастыру» және «Келіссөз процесі» атты тақырыбында тренинг жаттығулары арнайы мамандардың қатысуымен ұйымдастырылды.
Іс-шараны ұйымдастырушысы жасақтың медицина-психологиялық бөлімінің бас құтқарушы – психологі Ж. Бегманова болды.
Аталған тақырып бойынша тренинг өткізуге Қызылорда облысы ІІД Жергілікті полиция қызметінің инспектор-психологы полиция аға лейтенанты Ақбенбетова Гүлвира шақырылды.
Тренинг барысында құтқарушылар өз-өзін тану мақсатында, «Өз-өздеріне баға беру», «Ренішті жою», «Сенімділікті нығайту», «Голливудтағы жұлдыздар» атты ойын-жаттығулармен қызықтыра өткізді. Тренингтің негізгі бөлімінде «Криминалды адамның психологиялық бейнесін құрастыру» және «Келіссөз процесі» арқылы іскерлік ойын жаттығуларын профайлинг әдісімен ұйымдастырды. Арттерапия «Әсерлі бейне» сурет салу жұмысы, «Ертегі терапиясы», «Күлкі терапиясы» арқылы құтқарушылардың эмоциялық қысымды түсіруге, ой-қиялын ұшқыр, өз ойын жеткізе білуге, қызығушылықтарын білдірді.
Тренинг соңында құтқарушылар бүгінгі іс-шарадан алған әсерімен бөлісті. Сонымен бірге белсенділік танытқан құтқарушыларға ризашылық білдіріліп, олар арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы