
«Қазгидромет» РМК алдағы күндердегі ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарында атмосфералық ағымдардың ықпалынан жаңбыр жауады.
Республиканың солтүстігі, солтүстік-шығысы мен орталығында алдағы екі тәулікте ауа райы жауын-шашынды, суық болады деп болжанып отыр.
Еліміздің шығысында, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады.
Республиканың батысындаа антициклон ықпалынан күн ашық, ауа температурасы барлық облыста климаттық нормадан 3-8 градус төмен болады.