Әділет органдары спартакиада ұйымдастырды

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылудағы алға қойған міндеттердің бірі – халықтың денсаулығын жақсарту. Халықтың денсаулығы мемлекет болашағының негізі, ал оның жақсы, қалыпты жағдайда болуы өмір сүру салтына тікелей байланысты екендігі белгілі.
2011 жылдың 20 қазанында Елбасының Жарлығымен 30 қыркүйек – Әділет органдары қызметкерлері күні болып бекітілді. Мерекені қарсы алу мақсатында бүгін Әділет органдары қызметкерлерінің қатысуымен ерлер арасында шағын футболдан, әйелдер арасында волейбол ойындарынан спартакиада ұйымдастырылды. Ойындар тартысты да қызықты өтті. Бас жүлдені ерлер арасында Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы Қызылорда облысы бойынша филиалы, ІІ орынды жеке сот орындаушылары, ІІІ орынды жеке нотариустар қанжығасына байлады. Әйелдер арасында волейболдан 1 орын мемлекеттік сот орындаушыларына, ІІ орын адвокаттар алқасына, ІІІ орын Әділет департаменті мен Әділет басқармасына бұйырды. Жеңімпаздарды Әділет органдарының басшылары арнайы грамоталармен марапаттап, кубоктар табыстады.
Әділет департаментінің басшысы Қ.Сапаров жеңімпаздарды және барлық Әділет органдарының қызметерлерін төл мерекелерімен құттықтап, алдағы уақытта осындай шаралар жалғасын табатындығын жекізді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қыркүйек 2017 г. 612 0