
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен жастар арасында отансүйгіштік, патриоттық сезімді дамыту, спортқа жаны құмар жастарға қолдау көрсету мақсатында әлемдік деңгейде жоғары нәтижелерге жеткен жерлес спортшы – Елдос Ермахановпен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты - өнерлі тарланның жеткен жетістіктері мен ерен еңбектері туралы етене танысу, облыс жастарының спортқа деген ынталарын арттыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Елдос Ермаханов – 9 дүркін Қазақстан чемпионы, 3 дүркін Азия чемпионы, жасөспірімдер арасында пауэрлифтингтен әлем чемпионы, пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.