« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
"Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық Кеңес пен партиялық партиялық бақылау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Облыстық мәслихаттың хатшысы Наурызбай Байқадамовтың төрағалық өтуімен өткен отырыста "Мәдениет және спорт саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар" тақырыбы талқыланды.
Отырысты ашқан Н.Байқадамов қатысушылар назарын келесі мәліметтерге аударды. Статистикалық деректерге сай, 2016 жылы елімізде ҚР Мемлекеттік ішкі аудит комитеті мәдениет және спорт саласында 105 аудиторлық шаралар өткізген. Тексерулер нәтижесімен жалпы сомасы бес миллиард теңгеге жуық астам қаржылық заң бұзушылықтар анықталған. Ал 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығы бойынша 122 аудиторлық шаралар өткізіліп, еліміз бойынша он миллиард теңгеден асатын қаржылық заң бұзушылықтарды анықтады. Респбулика бойынша 2015-2016 және 2017 жылдың алты айында мәдениет саласында сыбайлас жемқорлық сипатындағы 123 қылмыс анықталған. Сол себепті де бұл салада жемқорлықтын алдын алу аса маңыздылыққа ие болып отыр.
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мира Әбуова аймақта мәдениет саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытталған шаралар туралы айта келе өңірде бұл саладағы негізінен заң бұзушылықтар мемлекеттік сатып алуда, бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсауда кездесетінін жеткізді. Оның басты себептерінің бірі, көптеген ауылдық клубтарда мемлекеттік сатып алу бойынша штаттар қарастырылмаған. Жұмыс істеп жатқан мамандардың біліктілігі төмен, сол себепті де қателіктерге жол беріліп жатады. Ал өткен жылы Тасбөгет кентіндегі С.Майқанова атындағы Мәдениет үйіндегі қаржылық заң бұзушылық саладағы ең өрескел келеңсіздік болып отыр. Соның нәтижесінде мәдениет үйінің есепшісі 4,5 жылға бас бостандығынан айрылған. Кеңесте мәдениет үйлері мен клубтар қазіргі кезде әкімшіліктерге қарайтыны айтылды.
Облыс спорты саласындағы жағдай туралы кеңесте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жақсылық Оспанов хабарлама жасады. Оның хабарламасында Тасбөгет кентіндегі №11 спорт мектебі директорының пара алу барысында ұсталғаны туралы ақпарат берілді. Соған байланысты бұл салада да бақылау шаралары күшейтілуде.
Талқылаулар барысында Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов, облыс прокурорының орынбасары Жасұлан Еламанов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы облыстық департаментінің басқарма басшысы Бақытжан Ниязов "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Тілеуберген Шаутай, облыстық спорт ардагерлері қоғымының төрағасы Жақсыбек Егізбаев және басқалар өз пікірлерін, сын-ескертпелерін ортаға салды.
Ы.ТӘЖІҰЛЫ
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |