Нобель сыйлығы қайтадан 1 миллион долларға жетті

Ағымдағы жылы Нобель сыйлығының мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 124,22 мың долларға артып, яғни бір миллион 118 мың долларды құрайтын болды, - деп жазады Қазақпарат. 

Нобель қорының хабарлауынша, сәйкес шешім 14 қыркүйекте қордың отырысында қабылданған.

Енді әр саланың лауреаты осындай сомамен марапатталмақ.

Еске сала кетсек, 2011 жылы Нобель сыйлығы 1,5 миллион жеткен еді. Ал төрт жыл бұрын «экономикалық жағдайдың нашарлауы себебінен» 0,9 миллион долларға күрт қысқарған болатын. 

 

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 қыркүйек 2017 г. 528 0