
Сыр өңірінде жыл сайын мешіттер саны артып келеді. Соған орай халықтың да құлшылыққа деген ынтасы артып, мешіттер жамағаттан босаған емес. Халық игілігі үшін Алланың жердегі үйінің тұрғызылуына жергілікті кәсіпкерлер мұрындық болуда.
Дәл осындай бір мешіт – Қызылорда облысында ашылды. «Қалжан ахун» атауымен ашылған мешіттің салтанатты ашылуына ҚМДБ-ның дін істері бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев қатысты.
Салтанатты шарада мешіт ашудың сауабы жөнінде уағыз айтып, жергілікті ауыл тұрғындарын құттықтады. Бұрын мешіті болмаған ауылда мешіттің бой көтеруіне атсалысқан демеушілерге халық та ризашылығын білдірді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі