Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Еліміздің аумағы әлі де суық антициклонның ықпалында болады. «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі Айнұр Қайынбаева елімізде қар қашан жауатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Түнгі ауа температурасы батыс өңірлерінен басқа барлық облыста төмендейді. Алдағы үш күнде ауа райы жылынбайды. Қазақстанға суық арктикалық ауа бұдан кейін де келе береді, 28 қыркүйек күні орталық және солтүстік облыстарда жауын-шашын түсіп, қар аралас жаңбыр жауады», - дейді Айнұр Қайынбаева.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қыркүйек 2017 г. 498 0