ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ҚЫМБАТ БРЕНДТЕРІ

Interbrand консалтингтік агенттігі әлемдегі ең қымбат брендтердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Рейтинг көшін құны 184 млрд доллардан асатын Apple компаниясы бастап тұр. Екінші орында – Google компаниясы. Interbrand агенттігінің есептеуінше, компания шамамен 142 млрд доллар тұрады. Әлемдегі ең қымбат брендтердің үштігін 80 млрд доллар тұратын Microsoft тұйықтаған.
Ең қымбат брендтердің бестігіне, сондай-ақ, Coca-Cola ($69,73 млрд) мен Amazon ($64,8 млрд) кірді.
Рейтинг жасау барысында кемінде үш материкте бизнесін жүргізетін және табыстың үштен бірі өзге елдерде орындалған операциялардан түсетін компаниялар есепке алынған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қыркүйек 2017 г. 622 0