« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Жалағаш кентіндегі «Мәдениет және өнерді дамыту» орталығында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ облыстық филиалының өкілдері жергілікті тұрғындармен кездесті.
Оған облыстық мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының маманы Медет Әбдікерова, «БЖЗҚ» АҚ аудандық ҚКО басшысы Аяна Маханова және мекеме, бөлім қызметкерлері, сондай-ақ зейнеткерлер мен қор салымшылары қатысты. Кездесуде «БЖЗҚ» акционерлік қоғамы мен Қызылорда облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы қол қойылған Меморандум аясында «БЖЗҚ» АҚ Қызылорда облыстық филиалы мен Жалағаш ауданы әкімдігінің өкілдері бірлесіп, халық арасында салымшыларға зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша толық кешенді ақпарат беруде.
Сонымен бірге, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізген мамандар аталған қор құрылғаннан бастап салымшылар мен алушылардың мүддесі, қазақстандық зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігі, зейнетақы жинақтарының қалай инвестицияланып, табыстың қалай есептелетіндігі, сондай-ақ, салымшының, жұмыс берушінің және БЖЗҚ-ның құқықтары мен міндеттері және зейнетақы жинақтарының сақталуына қалай кепілдік берілетіні туралы айтып өтті.
Жиын соңында мамандар тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Мәселен, салымшылар зейнетақы қорындағы қаржыны уақытынан бұрын алу мүмкін бе? – деген сауал жолдады. Бұған облыстан келген жауапты мамандар: «Егер сіз ҚР аумағынан тыс жерге қоныс аударсаңыз немесе денсаулығыңызға қауіп төніп, (І және ІІ топтағы) мерзімсіз мүгедектік тауқыметіне душар болған жағдайда, сондай-ақ, салымшы қайтыс болған кезде оның зейнетақы қорындағы қаржы мұрагерлеріне беріледі, – деді. Мұнан басқа жағдайда зейнетақы жасына жетпей, қаржыны шешіп алу мүмкін емес» деп жауап берді
Айта кетейік, келер жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасына 6 ай қосылады. Сөйтіп 2028 жылы әйелдер мен ерлердің зейнетке шығу жасы теңестірілмек. Сонымен бірге, зейнет жасына шыққан салымшылардың қордағы қаржысын беру заңнамасында да өзгерістер бар. Осы және басқа да сауалдар бойынша БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен салымшыға зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы толық ақпаратты www.enpf.kz сайтынан немесе 1418 телефонына тегін қоңырау шалу арқылы білуге болады.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |